Рита Леви-Монтальчини (; 22 сәуір 1909 жыл, Турин — 30 желтоқсан 2012 жыл, Рим) — италиялық нейробиолог, 1986 жылы, Стэнли Коэнмен бірге өсу факторын, NGF ашқаны үшін Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты. Италия Республикасының Өмірбойы сенаторы.
Өмірбаяны Рита Леви (1930 жылдары, оның апасы мен ағасымен бірге ол өз тегін Леви-Монтальчиниге өзгертті) төртінші бала болып (оның егіз апасы Паоламен бірге), Турин қаласында еврейлік сефардтық отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Адамо Леви (1932 ж қайтыс болған) инженер-электрик және математик болған, оның отбасы Казале-Монферратодан шыққан; ал анасы Аделе Монтальчини — Астидан шыққан суретші болған.Women in the Biological Sciences
Медицина мектебін 1936 жылы бітірген Леви-Монтальчини физиолог Джузеппе Левидің (, 1872—1965) ассистенті болып жұмысқа орналасады,Гистолог Джузеппе Леви жазушы Наталии Гинзбургтың әкесі болған. бірақ көп ұзамай Муссолини Үкіметімен еврейлерге академиялық және кәсіби мансап жасауға тыйым салатын жаңа антисемиттік заңдар енгізілгеннен кейін, оған жұмысынан шеттетіледі. 1943 жылы Леви-Монтальчини отбасымен Флоренцияға қашып Туринге тек әскери қимылдар аяқталғаннан соң ғана оралды.
Отбасы Ағасы — Джино (Луиджи) Леви-Монтальчини (, 1902—1974), танымал архитектор. Апалы-егізі — Паола Леви-Монтальчини (, 1909—2000), суретші. Басқа апасы, Нинаға (Анна) Леви-Монтальчини (1905—2000), посвящена автобиографиялық кітап Рита Леви-Монтальчини (2000). Немере сіңлісі — Еуджения Сачердоте де Лустиг (, 1910—2011), аргентиналық ғалым-медик; Рита Леви-Монтальчини және Еуджения Сачердоте медицина мектебінде бірге оқып гистолог Джузеппе Левидің Турин университетіндегі зерттеу тобына бірге қосылған (бұлардан бөлек бұл топта Сальваторе Лурия және Ренато Дульбеко болған).The cousin ignored Интервью с Пьерой Леви-Монтальчини
Марапаттары «Итальян Республикасына алдында сіңірген еңбегі үшін» орденінің Үлкен кресті (8 қаңтар 1987 жыл)Cavaliere di Gran Croce Ordine al Merito della Repubblica Italiana Dott.ssa Rita Levi «Итальян Республикасына алдында сіңірген еңбегі үшін» орденінің командоры (2 маусым 1986 жыл)Commendatore Ordine al Merito della Repubblica Italiana Dott.ssa Rita Levi Ғылым және мәдениетке сіңірген еңбегі үшін Алтын медаль (6 маусым 2001 жыл)Medaglia d’oro ai benemeriti della scienza e cultura Prof. Rita Levi Montalcini Мектептегі білім беру, мәдениет және өнер саласындағы еңбегі үшін Алтын медаль (31 қазан 1986 жылы)Medaglia d’oro ai benemeriti della scuola della cultura e dell’arte Dott.ssa Rita Levi Montalcini Құрмет легионының орденінің Ұлы офицері (Франция) Consegna della Croce di Grande Ufficiale della Legione d’onore all’On. Rita Levi Montalcini
Дереккөздер
Сілтемелер Рита Леви-Монтальчинидің Нобель сыйлығы сайтындағы өмірбаяны
Итальяндық еврей әйел — Нобель сыйлығының лауреаты жүзжылдығын атап өтті. jewish.ru
Санат:Италия нейробиологтары Санат:Италияның өмірбойы сенаторлары Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:АҚШ Ұлттық ғылым медалімен марапатталғандар Санат:Француз ғылым академиясының мүшелері Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері Санат:Лондон корольдік қоғамының мүшелері Санат:Папа ғылым академиясының мүшелері Санат:Турин университетінің түлектері