Ислам мемлекеті: «Ирак және Шам Ислам мемлекеті» (ИШИМ, ДАИШ) — радикалды исламизм идеологиясын ұстанатын әскери лаңкестік ұйым және халықаралық қауымдастық мойындамаған квазимемлекет. «Ирак Ислам мемлекеті» — Әл-Қағиданың Ирактағы бөлімшесінен пайда болған топ, кейін «Ирак және Шам Ислам мемлекетіне» айналып кетті. Ислам мемлекеті (ұғым) — Ислам дінін өзінің саяси институттарының идеологиялық негізі ретінде қабылдаған мемлекет. Ауғанстан Ислам Мемлекеті — 1992 жылы Ауғанстан аумағында ауған можаһедтері құрған мемлекет, 2001 жылы жойылды.