Аралас буынды өлшем — қазақ поэзиясында ұзынды-қысқалы әр түрлі тармақтар шумақ ішінде белгілі тәртіппен реттесіп келетін өлең өрнегі, Абайдың «Бай сейілді» сияқты өлеңдерінен бастап орныққан төрт буынды тармақпен жеті-сегіз орынды тармақтар араласып келетін өлең үлгісіне жатады. Сондай-ақ Абайдың «Сегізаяқ», «Сен мені не етесің» атты өлеңдерінде қолданылатын күрделі өлең өрнегі де аралас буынды болып келеді. Осындай ұзынды-қысқалы тармақтар араласып келетін өлең түрлерін Шәкәрім, Мағжан, Сәкен поэзиясынан, басқа да көптеген ақындардың туындыларынан кездестіреміз.

Ал кейде бір өлеңде екі түрлі қалыптасқан өлшемді, айталық, жеті буынды тармақтар мен он бір буынды тармақтарды араластырып қолдану да кездеседіӘдебиеттану терминдер сөздігі / – 3-ші бас. . - Семей-Новосибирск : Талер-Пресс, 2006 . - 400 б. - – 9965-776-24-5.

Дереккөздер

Санат:Әдебиет жанрлары