Көпбұтақты жыңғыл () — Жыңғылдар тұқымдасының Жыңғыл тегіне жататын сәндік және дәрілік өсімдік, Қазақстанда Жыңғылдар тұқымдасының ең кең таралған түрі. Көпбұтақты жыңғыл шағын құстар мен жануарларға ыңғайлы пана ретінде қызмет етеді. Топырақ құрамындағы тұздың концентрациясы бұл бұталы өсімдіктің өсуіне кедергі болмайды, оның жапырақтарындағы өзіндік бездерартқылы тамырпмен сіңетін тұз шығарылады. Биологиялық сипаттамасы Көп жылдық сортаңға, ылғалды топыраққа арналған. Тамыз айынан күзге дейін гүлдеп, жемісін береді. Әрбір ересек жыңғыл бұта желде ұшып жүретін кішкентай, саны айтарлықтай тұқым береді. Тұқым келесі күні ылғал жерге түскеннен кейін өне бастайды. Кездесетін жерлері Тұзды шөлдер, құм, ақ сортаң, сортаң, сілтілік шалғын, өзендер, теңіздер мен көлдер алқаптары секілді жерлерде кездеседі. Таралуы Еуропа, Орта Азия, Арал, Каспий, Тянь-Шань, Қарақұм жерлерінде кездеседі.

Санат:Жыңғылдар Санат:Еуразия флорасы