Георгий Григорьевич Хайдин(1910 - 1954 жылдар) - ресейлік шахтёр, өндіріс жаңашылы.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Алтай-Полиметалл руднигінің бұрғышысы, ал 1941 жылдан бастап КОКП мүшесі. Алтайда алғашқылардың қатарында көп перфаторлы бұрғылау әдісін енгізді және мыңшылар қозғалысының негізін салды. 1941 жылы төртінші мезгілінде ол 5,5 жылдық норма, 1942 жылы қаңтар айының өзінде үш жылдық норма орындады.Қазақстанда ең үздік бұрғышы атағын алу жолындағы жарыстың бастамашысы болды. Ленин орденімен марапатталған.Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы-Алматы,1987-

Дереккөздер

Санат:1910 жылы туғандар Санат:1954 жылы қайтыс болғандар Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:КОКП мүшелері