Сарыжағал қараторғайлар туысы немесе Майналар () — торғайтәріздестер отрядының қараторғай тұқымдастарынан шыққан азиялық әнші құстардың туысы.Britanica настольная энциоклопедия. Том І «АСТ-Астрель» Москва, 2006. ISBN 978-5-17-08532-4 (T.1) (ACT) ISBN 978-5-271-1512-0 (T.1) (Aстрель).
Бұл Оңтүстік Азиялық шағын (бар болғаны алты түр) тобы, бұлардан тек қана бір түрі солтүстікке – қоңыржай ендікке, Солтүстік Азия шегіне ғана ұшып енеді. Қараторғайлар өз атамекендерінде отырықшы немесе жылыстағыш дағдыда өмір сүреді. Қоңыржай ендіктерде – жыл құсы. Қазақстанда екі туыстан – қараторғай және сарыжағал қараторғай туыстастарынан үш түр кездеседі.
Үндістанда «Гракл» деп аталатын Қасиетті майна () - ұзындығы 25 см, қанатында ақ дақтары бар оның қауырсыдары жылтыр қара. Оның ерекшелігі ретінде сары сырғаны, аяғы мен тұмсығының қызғылт сарылығын айтуға болады.
Майна табиғатта қытқылдайды және шаңқылдап айқайлайды. Майна өзінің басты қарсыласы сұр тоты құсқа қарағанда, адамның даусын ұқсатып салуға икемді. Әдеттегі үнді майна () Аувстралия, Жаңа Зеландия мен Гавайяға әкелінді.
Айдарлы майна (Acridotheres cristellus) Қытай мен Индонезияда мекендейді, Британдық Колумбияға (Канада) алып барғанымен, ол жерде көбеймеді.
Дереккөздер
Санат:Қараторғайлар