Біртанаулылар - дөңгелекауыздылар класының отряды. Дене тұрқы - 50-60 см. Арқа жүзу қанаты болмайды. Желбезек саңылауларының саны - 1-15. Көзі тері астында орналасқан. Қан тасымалдау жүйесі тұйықталмаған. Субтропиктік және қоңыржай белдеулердің теңіздерінде мекендейді. Отряд құрамына 20-ға тарта түр бар. Барлық біртанаулылар - жыртқыштар немесе паразиттер. Бұрғы тәрізді тілінің көмегімен балықтың денесіне еніп, бұлшықеттері мен ішкі мүшелерін жейді. 20-30 (ұзындығы - 18-20 мм) уылдырық салып, оларды су астындағы заттарға бекітеді. Уылдырығын жазда шашады. Дернəсілдері түрленбей тура дамыды. Кәсіптік маңызы жоқ. Денесінен көптеп шырышты зат бөліп шығарады. Кейбір аудандарда балық шаруашылығына зиянын тигізеді. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі.
Дереккөздер
Санат:Жақсүйексіздер