Тасарық – Талас алабындағы өзен.
Географиялық орны Жамбыл облысы Талас, Жамбыл аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 63 км, су жиналатын алабы 285 км2 .
Бастауы Бастауын Ақкөл қазаншұңқырынан алып, оңтүстікке қарай ағып, Көделі өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрографикасы Жағалауы жайпақ, аңғары 30 – 45 м. Қар және жер асты суымен толығады. Жаз айларында кеуіп қарасуларға бөлініп қалады. Жағалауы шабындық және жайылым.Тараз энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) өзендері Санат:Талас ауданы өзендері Санат:Талас су алабы