Шіркейлі — Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл, Шіркейлі ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Тереңөзек кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 27 км-дей жерде.

Тарихы Ауыл 1997 жылға дейін "Қызылту" деп аталып келген. 1967-96 жылдары күріш өсіретін кеңшардың орталығы болған. «Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2837 адам (1453 ер адам және 1384 әйел адам) болса, 2009 жылы 2638 адамды (1370 ер адам және 1268 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Дереккөздер

Санат:Сырдария ауданы (Қызылорда облысы) елді мекендері