Куйбышев — Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Темір Масин ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2013 жылы таратылған.Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы
Тарихы Т.Масин жылқы өсіретін кеңшарының №3 жылқы фермасы ретінде 1977 жылы құрылған.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 183 адам (94 ер адам және 89 әйел адам) болса, 2009 жылы 17 адамды (8 ер адам және 9 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Географиялық орны Ауыл округ орталығы Бөрлі ауылынан 50 шақырым қашықтықа. Ауыл тұтастай Нарын құмында орналасқан. Атырау облысының Құрманғазы ауданының Балқұдық, Сүйіндік ауылдарымен шекараласады. Ауылдың жері құмайт, қалың жынысты құмды адырды, кейбір жерлерінде жазық далалы. Сораң жерлері де кездеседі. Жері шұрайлы, құмында көптеген өсімдіктер, жабайы тал-теректер, жыңғыл, жиде т.б. өседі. Құмында жабайы аңдардан, қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, борсық, қабан сияқты аңдар көптеп кездеседі. Қазіргі уақытта "Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы" Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 қазандағы № 13-1 шешімі және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 8 қазандағы № 217 қаулысымен Темір Масин ауылдық округі бойынша Куйбышев елді мекені таратылған.http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V13Z0003346 - Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы
Дереккөздер
Санат:Бөкей ордасы ауданының таратылған елді мекендері