Қаратал – Торғай алабындағы өзен.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады.
Бастауы Бастауын Ұлытау тауының батыс беткейіндегі бұлақтардан алып, Ұсабай қыстауы тұсында Жетіқыз (Қаражыланды) өзеніне құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 37 км, 8 саласы бар. Ірілері: Танымбай, Айбас. Жағасы тік жарлы. Қар және жер асты суларымен толығады. Сәуірде тасиды, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Өзен аңғарындка шабындық пен жайылымдық жерлер және қыстаулар (Арпабұлақ, Қаратал, Ақмәмбет) бар. Суы ауыз суға және мал сурауға пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Торғай су алабы