Шымтай хан - Ақ Орданың ханы. Ерзен ханның ұлы. Мүбәрәк Қожа ханның інісі. Оның баласы атақты Ұрыс хан.Сабитов Ж. М. Генеалогия Джучидов в 13-18 веках // Генеалогия Торе. — Алма-Ата, 2008. — 326 с. — 1000 экз. — ISBN 9965-9416-2-9
Шымтай 1344 жылы Ақ Орданың ханы болып атанды. Муин ад-Дин Натанзи 17 жыл билік құрғаны туралы жазып кеткен. Өзінің күш-жігерін елдегі тұрақтылықты қалпына келтіруге бағыттағап, ешқандай сыртқы саяси белсенділік танытпады. Алтын Орда ханы Жәнібек Шымтайдың қызметіне араласпай, өз бетінше билік жүргізді. Ақ Орданың барлық хандарының ішінде Шымтай ең қуатты хан болды, оның билігі берік болып, билеуі ішкі жанжалсыз өтті.
Шымтайдың билігінің аяғында Бердібектің Алтын Орда билігіне келуіне байланысты, ордада саяси дағдарыс басталды. Бердібектің өлімінен кейін Шымтайға бүкіл ордаға хан болуды ұсынады, бірақ ол бас тартты. Шымтай Алтын Орданың ыдырауы қайтымсыз екенін түсініп, ондағы тақ үшін таластың орнына Ақ Орда мемлекетін сақтап қалуды ойлады. Оның үстіне Хорезм мен Моғолстанның күшейуі өз иеліктерінің шекараларына қауіпті еді. Шымтай 1361 жылы қайтыс болды. Одан кейін оның ұлы Ұрыс хан Ақ Орданың ханы болды.https://e-history.kz/media/upload/1466/2015/06/12/c60112a6306cf724edc0c3060e660c65.pdf
Дереккөздер
Тағы қараңыз
Санат:Орда Ежен әулеті Санат:Ақ Орда хандары