Женский Иосиф Адольфович (1920 жылы туған, Украина, Хмельницкий облысы Славутск ауданы Каменка селосы) – еңбек ардагері. Социалистік еңбек ері (1951). Көкшетау облысына 1936 жылы көшіп келген. Еңбек жолын сол жылы кеңшарда бастады. 1943 жылдан Красноармейск машина-трактор стансасында комбайн жүргізушісі, 1961 жылдан Красноармейск трактор жөндеу стансасында шебер болды. Медальдармен марапатталған.Қазақ Энциклопедиясы

Пайдаланылған cілтемелер

Санат:Социалистік еңбек ерлері