Қызыл — Керей өзені алабындағы көл. Арғанаты тауларының солтүстік-шығысында.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Жанбөбек аулының оңтүстік-батысында 60 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 473 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 4,8 км2, ұзындығы 3,1 км, енді жері 1,8 км, жағалау бойының ұзындығы 8,7 км. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Қараша айында суы қатып, сәуірде ериді. Жазда аумағы тартылып қалады. Жағалауы жазық, оңтүстігінен көлге жылға келіп құяды.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы көлдері