Қарасор — Ақмола облысы Біржан сал ауданының батысындағы көл. Тасшалқар ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км-дей жерде, теңіз деңгейінен 268 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 7,4 км2, ұзындығы 3,6 км, енді жері 2,8 км, жағалау бойының ұзындығы 10,6 км. Көктемгі қар және жер асты суларымен толысады. Жазда құрғап қалатын шағын 2 жылға құяды. Суы ащы, мал суаруға жарамсыз.
Жағалау сипаты Жағалауы тік жарқабақты, түбі тегіс, тұнба шөккен. Алабында қайың, қарағай, теректен тұратын шағын шоқ орман өскен.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Біржан сал ауданы көлдері