Баттал Жаңабайұлы (7 наурыз 1929 ж.т., Талас ауданы, Қызылтау а.) - журналист, қоғам қайраткері. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1972). Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген (1950).
Ысты руынан шыққан. Еңбек жолы 1950-57 ж. бұрынғы Семей облысының "Екпінді" газеті редакциясында бөлім меңгерушісі, 1957-62 ж. Жамбыл обл. "Сталиндік жол" газеті редакциясында бөлім меңгерушісі, 1965-85 ж. "Еңбек туы" газетінің редакторы, 1985-89 ж. кино жөніндегі обл. кеңесінің төрағасы, 1989-91 ж. Бейбітшілік пен татулық қорының обл. бөлімшесі төрағасы. 1996 жылдан Д.Қонаев атындағы қордың облыс бөлімшесінің құрметті төрағасы. Марапаттамалары Екі "Құрмет белгісі" орденімен және медальдармен марапатталған. Жамбыл облысының құрметті азаматы. Дереккөздер Тараз, Жамбыл облысы энциклопедиясы, Алматы 2003
Санат:1929 жылы туғандар Санат:7 наурызда туғандар Санат:Талас ауданында туғандар Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстан журналистері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Жамбыл облысының құрметті азаматтары