Шолпан Асқарқызы Мұханбетова — артист, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері. Ол 1961 жылы 18-ші шілдеде дүниеге келген. Ұлты қазақ болып келеді. Алған білімі арнаулы орта - студияға мамандалған. Театрда 1987 жылдан қызмет етеді. Дауысы жағымды әрі күшті. Шолпан Асқарқызы - әнші, домбырада жақсы ойнайды. Эстрадалық ән де айтады. Қазіргі кезде ол Семей қаласындағы Абай атындағы музыкалы-драма театрында артист ретінде жұмыс істеп жатыр.
Кейінгі мерзімде сомдаған рольдері:
У. Ғаджибеков «Аршын - Малалан» - Телли С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Мухое Б. Әлімжанов «Қайран кемпір, шалдар-ай» - Күлшира С. Кенжеахметұлы «Жарысқазан» - Алтын Т. Ибрагимов, Т. Базарбаев «Жас Абай» - Жеңге С. Тұрғынбеков «Абай - Біржан» - Ділдә.http://www.teatr.semstar.com/teatr-abaja-kz/mukhanbetova-sholpan.html
Дереккөздер
Санат:1961 жылы туғандар Санат:Қазақстан театр актрисалары Санат:Қазақстан мәдениет қайраткерлері Санат:Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы Қазақ музыкалық-драма театры әртістері