Қызылсиыр – Қойтас тауларының солтүстік-шығысындағы шоқы.

Географиялық орны Қарағанды облысы Теміртау қалалық әкімдігіне қарасты аумақта орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 651 м. Солтүстіктен-оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Беткейлері көлбеу келген. Етегіндегі бұлақтан Өзексұңқар өзенінің саласы бастау алады.

Өсімдігі Делювийлі-пролювийлі беткейінің бозғылт, қоңыр сортаңды топырағында қараған аралас қызғылт селеу, сұлыбас, бұталар өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Атауы Қызыл, сиыр сөздерінің бірігуінен жасалған тау аты. Атаудың екінші сыңары түркі тілдерінде түрлі фонетикалық тұрғыда айтылады. Алтай тілінде сурури - "істік, үшкір, конус тәріздес", тува тілінде суур - "шоқы, төбе, үшкір. конус тәріздес", орыс тіліндегі сугор - "шоқы" сөздерінің мағынасы да, тұлғасы да ұқсас. Бұған қарағанда топоним құрамындағы сиыр осы көрсетілген сөздермен мағыналыс деп қараймыз. Атаудың мағынасы Қызылұш, қызыл шоқы, қызыл төбе болар деп жобалаймыз.Қазақ онтономиясы

Дереккөздер

Санат:Бұқар жырау ауданы таулары