Жақыпов Әнуар Хамзаұлы (15 қыркүйек 1928 жыл, Қостанай облысы Урицкий ауданы, Құдықшылық ауылы) - Қазақстан мемлекеттік қайраткері. 1949 жылы Ақмола темір жол техникумын бітірген. 1957 жылы Ташкент темір жол транспорты инженерлері институтын бітірген.
Еңбек жолы 1944-45 ж. Ақмола облысы Есіл стансасында слесарь; 1949-54 ж. станса бастығы, 1957-58 ж. Атбасар стансасында бөлім бастығы; 1958-60 ж. Жамбыл стансасында жүк тасымалдау бөлімінің бастығы; 1960-61 Қостанай темір жол бөлімінде кәсіподақ ұйымының төрағасы; 1961-69 ж. Ақмолада темір жол бөлімі бастығы; 1969-78 ж. Қазақ КСР автомобиль транспортының министрі; 1978-81 ж. Алматы қаласы атқару комитетінің төрағасы; 1981-83 ж. Алматы қаласы партия комитетінің 1-хатшысы; 1983-88 ж. Жамбыл облыстық партия комитетінің 1-хатшысы.
Марапаттары Қазан революция ордені, Еңбек Қызыл Ту ордені, «Құрмет белгісі» ордені."Тараз, Жамбыл облысы" энциклопедиясы, Алматы 2003
Дереккөздер
Санат:15 қыркүйекте туғандар Санат:1928 жылы туғандар Санат:Қостанай облысы тұлғалары Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан КП Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшылары