Қазақ үрдісінде өлшем бірлігі ретінде адамның өз сүйегі алынған: Бой – кісі бойы; Құлаш – әркімнің құлашы өз бойына тен; Құшақ – периметрі кісі бойына тең шеңбер; Жарты құшақ(құлаш) – кісі бойының 2:1-не тең өлшем; Адым – жарым құлашықа тең; Жарты адым – бойдың 4:1-не тең өлшем; Қолтық – қолдың басы мен қолтықтың аралығы; Шынтақ – қолдың басы мен қолтықтың аралығы; Білем – қолдың бірінші буынының арасындағы қашықтық; Кере қарыс – бас бармақтың ұшы мен кішкене саусақтың ұшын кергендегі ара қашықтық; Қарыс – бас бармақ пен төртінші саусақты кергендегі ара қашықтық; Сүйем – бас бармақтың ұшы мен сұқ саусақты екінші буынынан бүгіп, кергендегі ара қашықтық; Сынық сүйем – бас бармақтың ұшы мен сұқ саусақты екінші буынынан бүгіп, кергендегі ара қашықтық; Елі – бір саусақтың қалыңдығы, бір еліге тең, екі саусақ – екі елі, үш саусақ – үш елі, төрт саусақ – төрт елі; Табан немесе табан елі – төрт саусақ пен бас бармақты біріктіре ұстағандағы қалыңдық; Тұтам – жұмыр затты тұтамдап қысып ұстағандағы қалыңдық; Табан – аяқтың өкшесі мен бас бармағының арасы; Шымшым – ұсақ затты бас бармақ пен сұқ саусақтың арасына қысып алғандағы сиымдық өлшемі; Уыс – қолдың алақанын қобылай ұстағандағы сыйымдылық өлшемі; Қосуыс – қос қолдың алақанын біріктіре қобылай ұстағандағы сыйымдылық өлшемі; Тереңдік өлшемі: кісі бойы, белуар (белбуар), тізе, тобық.
Мал тұрқымен өлшенетін өлшемдер: ат құлағы, ат сауыры, ат бауыры, аттың тізесі, ат шашасы, ат тұяғы.
Сол сияқты қазақ ұғымында арқан бойы, найза бойы, құрық бойы, қамшы сабы, таяқ тастам, қарға адым, ат шаптырым, иек асты т.с.с. өлшем бірліктері кездеседі.
Санат:Қазақ өнері Санат:Өлшеу