Қумая, Құма – Сілеті алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданы жерімен ағады.
Бастауы Бастауын Алтынтау тауының солтүстік беткейіндегі бұлақтардан алып, Сілеті өзенінің оң саласы - Кедей өзеніне құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 92 км, су жиналатын алабы 2250 км2, орташа жылдық су ағымы 3 м3. Жалпы ұзындығы 76 км болатын 28 саласы бар. Ірілері: Жарық, Едіге, Ақтасты, Торғай, т.б. Жоғарғы ағысында арна жағалауы жарқабақты өңірмен өтеді. Орта ағысында аңғары кеңейіп жағалауы жайпақ сипатта болады. Төменде сайлы жыралы жермен өтеді. Арнасында жыл бойы су болады. Өзен бойында Жарық, Елтай, т.б. елді мекендер орналасқан.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданы өзендері Санат:Сілеті