Иван Сусанин(туған жылы белгісіз-1613)- 17 ғ. Басында орыс халқының поляк интервенттеріне қарсы азаттық күресінің батыры. С.Кострома уезі Деревеньки селосының шаруасы болған. 1612-1613 ж. қыста поляк шляхталарының отряды патша Михаил Федорович тұрған Домнино селосына Романовтардың вотчинасына бару үшін Сусанинді жол көрсетуші етіп алады. Ол отрядты адам өте алмайтын батпақты орманға әдейі адастырып жібереді де, сол үшін азаптап өлтіріледі. Сусанин есімі халықтың аңыз әңгімелерінде сақталған. Оның ерлік ісі көркем әдебиетте де және М.И.Глинканың «Иван Сусанин» операсында бейнеленген. Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 453 бет

Санат:1613 жылы қайтыс болғандар Санат:Тұлғалар