Мұзбел – Нұраның сол жағалауында орналасқан жон.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 60 км-ге созылған, ені 10-15 км. Шығыс жағы биігірек (500 м).

Геологиялық құрылымы Алқап көлдің аллювилік шөгінділерімен жабылған төменгі карбон жыныстарынан түзілген жазық болып табылады.

Өсімдігі Қызыл қоңыр топырағында бетеге, селеу т. б. өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы таулары