Абдель Керим Касем (1914 жыл, Бағдат - 1963 жыл 9 ақпан, Бағдат) - Ирактың мемлекет және әскери қайраткері, 1958—1963 жылдары Ирактың премьер-министрі және қорғаныс министрі, бригадалық генерал.

Өмірі 1955 жылдан бастап бригадалық генерал, 1959 жылдың қаңтарынан генерал-майор. 1956 жылы бір топ ирак офицерлерімен бірге әскер ішінде антиимпериалистік, антимонархиялық астыртын «Еркін офицерлер» ұйымын құрды. Бұл ұйым жасаған әскери төңкеріс Ирак революциясының (1958) бастамасы болды. 1958-1963 жылдары Ирак Республикасының премьер-министрі, қорғаныс министрі әрі қарулы күштердің бас қолбасшысы. Касем үкіметі бастапқы кезде бірқатар прогресшіл шараларды жүзеге асырды. 1959 жылдың аяғынан бастап демократияшыл күштерді тұншықтыруға ойысты, 1961 жылы күрдтарға қарсы соғыс ашты, жеке басының диктатурасын орнатты. «Баас» партиясы жетекшілік еткен реакцияшыл төңкеріс кезінде атылды.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974 ж., 5 том

Дереккөздер

Санат:1914 жылы туғандар Санат:1963 жылы қайтыс болғандар Санат:Ирак премьер-министрлері Санат:Ирак қорғаныс министрлері