Георгий Николаевич Флеров - совет физигі, КСРО Ғалымдар Академиясының академигі. 1955 жылдан КОКП мүшесі. Қызмет жолы Ленинград индустрия институтын бітірген. 1938-1941 ж. КСРО Ғалымдар Академиясының Физика техникалық институтында жұмыс істеді. Оның ғылыми еңбектері негізінен атом ядросы физикасы мен космостық сәулелер физикасына арналған. Ол 1940 жылы кеңес ғалымы К.А.Петржанмен біріге отырып ауыр ядролардың өздігінен бөліну құбылысын ашты. Георгийдің басшылығымен 1957-1963 ж. көптеген изотоптар, сондай-ақ протонды радиоактивтіклік құбылысы ашылды. Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1978 ж. 11 том
Дереккөздер
Санат:КСРО ғалымдары