Мұстафа Кәміл (; 1874 жыл 14 тамыз — 1908 жыл 10 ақпан) — Мысыр ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері, көсемсөзші, шешен және заңгер.

Өмірбаяны 1900 жылы "Әллиуа" газетін шығарды. Кәміл Ұлыбританияға қарсы күресте османлы үкіметінің көмегіне сүйеніп, Мысырды британ жаулауынан азат етуді, Мысырға Ұлы Османлы Мемлекеті шеңберінде ішкі автономия беруді, конституция қабылдауды талап етті. 1907 жылы "Отан" партиясын құрып, оның тұңғыш төрағасы болдыҚазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974 ж., 5 том.

Дереккөздер

Санат:Саясаткерлер Санат:1874 жылы туғандар Санат:1908 жылы қайтыс болғандар