Банк картасы (, , ) — банктің бір немесе бірнеше есеп айырысу шотына байлаулы пластикалық карта. Тауарлар мен қызметтерге төлем жасау үшін, жалақы алудың құралы және есептеудің тағы басқа түрлері ретінде, қолма-қол ақша алу үшін арналған пластикалық карта.

Әдетте, физикалы түрде, банк карточкасында клиенттің атауы, сондай-ақ бірегей картаның нөмірі басылған.Belinda Gough, Trudie Du Toit, FCS Hospitality Generics L3 (2008), p. 120. Оның артында түрлі машиналарға шот туралы ақпаратты оқу үшін магниттік жолағы болады.Jarunee Wonglimpiyara, Strategies of Competition in the Bank Card Business (2005), p. vi. Эмитент банк пен клиенттің қалауына байланысты, картаны банкомат карточкасы ретінде банкоматтарда операцияларды жасауға; немесе дебеттік карточка ретінде және клиенттің банктік шотына байланысты сату нүктесінде сатып алулар үшін пайдалануға қабілетті; сондай-ақ кредиттік карта ретінде банк ұсынатын жаңартылатын кредит желісіне қосылуға мүмкіндік береді.

Тарихы Бірінші банк карточкалары 1967 жылы Лондондағы Барклайс, және 1969 жылы Нью-Йорктегі Лонг Айланд Chemical Bank арқылы берген банкомат карточкалары болды.Jarunee Wonglimpiyara, Strategies of Competition in the Bank Card Business (2005), p. 1-3.

1972 жылы Lloyds Bank қауіпсіздік үшін жеке сәйкестендіру нөмірін (PIN) пайдалана отырып, ақпараттық-кодтау магниттік жолағы бар бірінші банк картасын шығарды.Jarunee Wonglimpiyara, Strategies of Competition in the Bank Card Business (2005), p. 5.

Тарихта, банк карточкалары, сондай-ақ кепілдік талоны мақсатында қызмет еткен, бірақ та қазіргі кезде бұл жүйе маңызын жойды.

1993 жылдың соңында Alembank бірінші болып Қазақстанда Visa карточкасымен қызмет көрсетті, ал 1994 жылдан бастап - Mastercard карточкасы қолданыла бастады. Карточкамен қызмет көрсету тәжірибесі кеңейген соң, Alembank 1994 жыдың қараша айында жеке Alem Card дебеттік карточкасын шығарды. Alem Card иелері болып корпоративтік карточка алатын заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін. 

Қазіргі уақытта барлық елдерде шығарылған карточкалардың саны 2 миллиардтан асты. Статистика бойынша дамыған елдерде әр тұрғынға 2-3 карточкадан келеді.  Қазақстанда да көбінің, зейнеткерлер, бизнесмендер, шахтерлер мен студенттердің, карточкалары бар. Карточкалардың саны күннен-күнге өсуде және олар біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуда.  

Банктік карталардың түрлері Пластикалық карталар шартты түрде: Халықаралық;  Жергілікті;  Дебеттік;  Кредиттік;  Корпоративтік;  Жекешелік;  Құрама; болып бөлінеді.

Әлемде банктік карталардың 3 негізгі жүйесі бар:  VISA;  Mastercard/Europay; American Express.

Олардың барлығы қазіргі таңда Қазақстанда қызмет көрсетеді.

Дереккөздер

Санат:Банк терминдері Санат:Төлем жүйелері