Владимир Андреевич Светличный (04.07.1927 жылы туған, Федоровский хуторы, Қазіргі Краснодар өлкесі, Новокубань ауданы) - жаңашыл-механизаторҚазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 92 бет.
Өмірі Социалды Еңбек Ері (1961), РСФСР- дің еңбек сіңірген механизаторы (1962). 1962 жылдан КПСС мүшесі. Ол Кубань институтын (1970) бітірген,1943 және 1949 - 55 жылы тракторшы, 1956 - 58 жылы совхозда комбайншы, 1944 - 48 жылы Кеңес әскері қатарында, 1958 - 1959 жылы Кубань трактор және машиналарын сынау ғылыми зерттеу институында комбайншы - сынаушы болды. 1959 жылдан механикаландырылған звено бастығы. Ғалымдармен бірлесе отырып, звено коллективі жаңа технологияны өндіріске енгізіп, қант қызылшасының әр гектарынан 434 ц өнім жинап, әр центнерге жұмсалатын еңбек шығынын 8 - 10 есе кемітті. Осының нәтижесінде тәжірибе шаруашылығы қант қызылшасының әр гектарынан орта есеппен 800 сомнан таза табыс түсірді. Жаңа технологияны өндіріске енгізуде авторлық куәлігі бар. Ол 1968 жылдан Краснодар өлкесі "Полтавский" күріш зауытының директоры. 6 - сайлау КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты. КПСС 23 - съезінің делегаты.
Сыйлықтары Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен және Бүкіл одақтық Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің Үлкен алтын, қола медальдарымен мараппаталды.
Дереккөздер
Санат:1927 жылы туғандар