Урхо Калева Кекконен (, 1900 жыл 3 қыркүйек, Пиелавеси - 1986 жыл 31 тамыз, Хельсинки) - Финляндияның мемлекет және саяси қайраткері.
Өмірбаяны 1926 жылы Хельсинки университетінің заң факультетін бітірді; заң ғылымдарының докторы, 1936 жылдан парламент депутаты. 1956 жылға дейін Аграрлық одақ партиясы жетекшілерінің бірі. 1936-1937, 1944-1946 жылдары юстиция, 1937-1939 жылдары ішкі істер министрі. 1946-1947 жылдары парламент төрағасының орынбасары, 1948-1950 жылдары парламент төрағасы, 1950-1956 жылдары премьер-министр. 1956 жылдан Финляндия республикасының президенті. КСРО-ға бірнеше рет сапар шекті. КСРО мен Финляндия арасындағы достық қарым-қатынасты жақтады. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том
Дереккөздер
Санат:1900 жылы туғандар Санат:1986 жылы қайтыс болғандар Санат:Финляндия президенттері Санат:Финляндия премьер-министрлері Санат:Финляндия сыртқы істер министрлері Санат:Финляндия әділет министрлері Санат:Финляндия ішкі істер министрлері