Үлкен Конюхов — Есіл алабындағы ағынсыз көл.
Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында орналасқан.
Гидрографикасы Су айдынының аумағы 7,98 км2, ұзындығы 4,1 км, енді жері 3,8 км, жағалауының ұзындығы 13,4 км, ең терең жері 2,2 м. Су жиналатын алабы 142,0 км2. Алабының жартысына жуығы (42%) жыртылған.
Жағалау сипаты Көл жағалауы аласа, жайпақ. Жағалауының 30-дан 300 метрге дейінгі енді жері шалғынды келген. Жауын-шашын суымен толығады. Көл айдынының 95%-ын қамыс, құрақ және қияқ басқан. Көл түбіндегі тұнбаның қалыңдығы 0,1-ден 0,7 м. Суының минералдылығы 0,25-тен 0,8 г/л кермек татиды, ішуге жарамды. Көлде табан балық пен ондатра көп кездеседі.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Дереккөздер
Санат:Мағжан Жұмабаев ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы