Всеволод Васильевич Санаев (25 қаңтар 1912 жыл, Тула, Ресей империясы - 27 қаңтар 1996 жыл, Мәскеу, Ресей)- кеңес және ресей киноактері, КСРО халық әртісі (1969). 1955 жылдан КПСС мүшесі.
Өмірбаяны 1937 ж. ГИТИС–тің актерлік факультетін бітіріп, МХАТ және Моссовет атындағы театрда қызмет етті.
Ойнаған рөлдері Кинодағы басты рольдері: Добряков («Сүйікті қызда, 1940», Емельянов ( «Ленин туралы әңгімелерінде», 1958), Козлов («Бес күн-бес түнде», 1961), Қырылдауық («Оптимисттік трагедияда», 1963, Сазонов («Бұл милицияда болған едіде», 1967), Зорин («Әулие Луканың қайта табылуында», 1970), Лукин («Азаттықта»,1973), т.б. Санаев қазақ фильмдеріне де қатысып ролін орындады.Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 14 бет
Сыйлықтары РСФСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Дереккөздер
Санат:1912 жылы туғандар