Қарақтұмсық () - Дегелектәрізділер отрядының Құтандар тұқымдасының тегі. Текте 5 түрді біріктіретін 2 тек тармағы бар.
Сипаттамасы Ірі денелі (0,4-2 кг, қанатының алымы - 1,5 м шамасында), негізінде қошқыл реңді құстар. Қысқарақ қуатты тұмсығының ұшында ілмегі бар. Аяғы қысқа. Құйрығы дөңгелектене біткен, құйрық орталығындағы қауырсындары көбінесе ұзындау болып, құйрық қиындысынан шығыңқы тұрады.
Ұя жасамайды, 2 жұмыртқаны өсімдіктер аралығындағы жерге тікелей салады. Ата-енесі 4 аптаға жуық басады, бұдан соң балапандары қанаттанып ұшқанда 2 айға жуық қоректендіреді. Әдетте бір ғана балапан тірі қалады. Балапандар 3-6 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Алуан түрлі азықпен- ждектерден бастап, ұсақ омыртқалы жануарларға дейін жейді. Өзге құстардың олжасын олжалауға бейімділігі өте дамыған. Қазақстанда құрақтұқымдастардың бір ғана туысынан екі түрі байқалғанМектеп энциклопедиясы "Құстар", Ковшарь
Таралуы Екі жартышардың жоғары еңдіктерінде орын тепкен, дегенмен жылыстау кезінде тіпті экватор ауданына ұшып өтеді. Теңіз жағалауын бойлай ұялайды.
Дереккөздер
Санат:Орталық Америка құстары Санат:Құтандар тұқымдасы