Лабрадор ағысы - Солтүстік Америка жағасымен өтетін Атлант мұхитының суық ағысы. Ағыс туралы Баффин теңізінен басталады да Ньюфаунленд банкісіне таяу жерде Гольфстрим жылы ағысымен кездесіп, аралық тереңдікке ауысады. Жылдамдығы 1-2 км/сағ. Қасиеттері Суының температурасы қыста -1°C-қа дейін төмендейді, оңтүстігінде 5°C; жазда солтүстігінде 2°C, оңтүстігінде 10°C. Тұздылығы 30,0-32,0%о. Қауіптілігі Лабрадор ағысында кемелерге қауіпті қалқыма ірі мұз сынықтары кездеседі. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том

Дереккөздер

Санат:Ағыстар