Кирилл Юрьевич Лавров (1925 жыл 15 қыркүйек - 2007 жыл 27 сәуір) – орыс актері, КСРО халық әртісі (1972). 1946 жылдан КОКП мүшесі. Өмірі Актер отбасында туған. 1950 жылы Киевтің Украинка атындағы орыс драма театрының труппасына қабылданды. Алғашқы ойнаған рөлдері негізінен жас замандастарының лирикалық бейнесі болды. 1955 жылы Ленинград М.Горький атындағы Үлкен драма театрына ауысты. Мұнда Платов (Штейннің «Мұхит»), Нил (Горькийдің «Тоғышарлар»), Молчалин (Грибоедовтың «Ақыл азабында»), Дуанбасы (Гогольдың «Ревезор») т.б. рөлдерді орындады. 1960 жылдардан бастап философиялық күрделі рөлдерді ойнауға бет бұрды. 1956 жылдан киноға түскен: Синцов «Тірілер мен өлілерде», Иван Карамазов «Ағайынды Карамазовтарда» т.б. 1970 жылы гастрольдік сапармен Алматыда болды. Марапаттары КСРО (1973) және РКФСР (1974) Мемллекет сыйлықтарының лауреаты. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том

Дереккөздер

Санат:КСРО актерлері Санат:Ресей актерлері Санат:КСРО халық әртістері Санат:1925 жылы туғандар Санат:2007 жылы қайтыс болғандар