Жолаққанат құралай () — Таушымшықтар тұқымдасының Құралайлар тегінің биологиялық түрі. Кәдімгі құралайдан аздап қана ірілей 30 г шамасындағы құс. Одан айырмашылығы – ересек аталығының реңі маңдайында тамағында және екі жағында күмісше жылтылдағын қызғылттау қауырсындары бар қан қызыл түсті болып келеді. Бозғылт қоңыр реңді аналығының бүкіл қауырсындарында қызғылт реңк болады.
Таралуы Орта және Шығыс Сібірдің қылқанды орманында қоныстанады. Қазақстанда тек қана шығыс шегі Алтайда болып, желтоқсаннан ақпандға дейін кездеседі. Күміс жалтылды қызғылт аталығы және қызғылт реңкті қоңыр аналықтар қыста бұталар мен ағашарда жүреді, соның ішінде тұрғын мекенжайларда да кездеседі. Олар шығаратын қысқа, басыңқы «дзинь» немесе «сиинь» деген ысқырық шымшықтың дауысы іспеттес , ал өзге дыбыстары шөженің дауысына үйлеседіҚұстар.Мектеп энциклопедиясы,2010,Ковшарь Анатолий Федорович,ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамура
Дереккөздер
Санат:Азия құстары Санат:Торғайтәрізділер Санат:Құралайлар