Наньлин Наньлин - Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Янцзы және Сицзян өзендерінің алаптарын бөліп тұратын су айырық жота.

Ұзындығы - 1200 км, биіктігі - 2185 м. Негізінен құм тас, сазды тақты тас, гранит және әк тастан түзілген; карст дамыған.Тау жоталары бойлама тектоникалықаңғарлармен және көлденең эрозиялық шатқалдармен бөлінген. Қалайы, вольфрам, қорғасын-мырыш рудалары т.б. кен орындары бар. Солтүстік беткейлерінде субтропиктік, оңтүстік беткейлерінде тропиктік орман өседі. Қазақ совет энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қытай таулары