Павел Николаевич Орленов (06.03.1869, Мәскеу - 31.08.1932, Мәскеу) - орыс актері, Республика халық артисі. Қызмет жолы Ұсақ көпес отбасында туған. Кіші театр жанындағы драма курсында оқыды. Алғаш рет 1886 ж. профессионалды сахнада ойнай бастады. Провицияда, Корш театры және Петербургтегі әдебиет пен көркемдік қоғам театрында қызмет етті. Гастрольдік сапармен Ресей қалаларында, Германияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Швецияда, Норвегияда өнер көрсетті. Саханалық өнері трагедиялық бояуының молдығымен ерекшеленеді.

Басты рольдері: патша Федор Ионнович, Раскольников, Дмитрий Кармазов, Освальд т.б.

Дереккөздер

Санат:6 наурызда туғандар Санат:Мәскеуде туғандар Санат:31 тамызда қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Ресей актерлері Санат:Ресей халық әртістері