1992/93 маусымда ағылшын премьер-лигасы — жаңадан құрылған ағылшын футболындағы жоғарғы дивизионы, Премьер-лиганың тариғындағы алғашқы маусымы. 1991/92 маусымының аяқталуымен Футбол лигасынан шығып, Премьер-лиганың алғашқы маусымының ұтыс ойынына 22 клуб қатысты. Өзінің негізімен, Премьер-лига, Футбол лигасының Бірінші дивизионының ескі үлгісіне сәйкес болып келеді (1992 жылға дейін). Премьер-Лиганың қалыптасуынан кейін Футбол лигасы төрттен үш дивизионына дейін қысқартылды.
Маусымды шолу 1992/93 маусымындағы Премьер-Лиганың ұтыс ойынында, 26 жылғы үзілістен кейін, алғаш рет «Манчестер Юнайтед» жеңіп алды. Екінші орынға қол жеткізген «Астон Вилла» клубы, «Манчестер Юнайтед» клубынан 10 ұпайға қалыс қалды. Турнирдың басым бөлігін «Вилла» лидер болып, бірақ маусымының соңына қарай бирмингемдік клуб нысанасын жоғалтып, сонымен қатар, маусымның соңғы үш айналымында чемпиондық бәйгесінен шығып қалды. Доптар айырмашылығынан теріс көрсеткішіне ие бола турып, Рождество кезінде турнир кестесін «Норвич Сити» басқарды. Маусымның соңы нәтижесінде, УЕФА Кубогы үшін біліктілігін қамтамасыз етіп, үшінші орынды «Норвич» иеленді. Төртінші орынды, шамамен 30-жылдық үзілістен кейін, алғаш рет Жоғарғы дивизиондағы чемпионатында ойнаған, «Блэкберн Роверси» иеленді.
Дес Уокер мен Тедди Шерингем сияқты негізгі ойыншыларының сатуымен әлсіреген «Ноттингем Форест», 1992/93 маусымының басым бөлігінде турнир кестесінің төменгі жағында орналасты. 1993 жылы мамырдың басында «Шеффилд Юнайтед»-тан жеңілгенінен кейін «Ноттингем» Премьер-Лигада тұрғылықты орнын ұстап тұру үшін барлық мүмкіндіктерін жоғалтып алып, 18 жыл бойы «Ноттингем Форест» бас бапкері болған және бір рет чемпиондық титулын, екі Еуропа чемпиондар кубогін, төрт Кубок лигасының кубогін ұтқан, Брайан Клаф жаттықтырушы мансабын аяқтағаны туралы хабарлады.
Матчтар қорытындысы
Жеке сыйлықтар
Кәсіби футбол қауымдастығы (PFA) өзінің жыл сайынғы «жыл ойыншысы» жүлдесімен, «Астон Вилла»-ның ойын маусымында екінші орынды алуына көмектескен, ардагер-қорғаушысы, Пол Макгратты марапаттады. Дауыс берудегі екінші орынды «Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Пол Инс, ал үшінші орынға «Блэкберн Роверс» шабуылшысы Алан Ширер ие болды. Ең үздік жас ойыншы сыйлығын, «Тоттенхэмның» Ник Барбиін және «Ноттингем Форесттің» Рой Кинін озып өткен, «Манчестер Юнайтедтың» 19-жасар вингері, қатарынан екінші ретке Райан Гиггз ұтып алды. Осымен, Гиггз, PFA жас ойыншы жүлдесін, екі рет ұтқан бірінші ойыншы болдыMcGrath wins PFA award. The Times. 29.03.1993..
Футбол журналистер қауымдастығы (FWA), өзінің жыл футболшысы сыйлығымен, «Шеффилд Уэнсдейдегі» Крис Уоддлды марапаттадыEngland — Players Awards. Rec.Sport.Soccer Statistics Foundation. 4.10.2007.. Англияға, француз «Олимпигінде» үш жыл өткізіп, қайта оралға, Уэддл, «Шеффилд Уэнсдейдың» осы марапатты иеленген бірінші футболшысы болды. Журналистердің дауыс беру нәтижесінде, екінші және үшінші орынды тиісінше, Пол Макграт және Райан Гиггз ие болдыWaddle receives award. The Times. 3.05.1993..
Сондай-ақ, PFA, символикалық «жыл командасына» 11 ойыншыларды таңдап алды. Оған «Манчестер Юнайтед» төрт ойыншысы (Райан Гиггз, Пол Инс, Петер Шмейхель және Гари Паллистер), «Лидс Юнайтед» екі ойыншыларды (Тони Дориго және Гари Спид), сонымен қатар, Пол Макграт («Астон Вилла»), Рой Кин («Ноттингем Форест»), Алан Ширер («Блэкберн»), Дэвид Бирдлси («Куинз Парк Рейнджерс») және Иан Райт («Арсенал») кірген. «Жылдың үздік жаттықтырушысы» марапатын «Манчестер Юнайтед» бас бапкері Алекс Фергюсон иеленді.
Үздік бомбардирлер
Премьер-лиганың бірінші маусымында үздік бомбардирі, өзінің трансферінің алдындағы, маусымның басында «Ноттингем Форест» үшін бір гол соғып, содан кейін, өзінің жаңа клубында «Тоттенхэм» үшін 21 доп соққан, Тедди Шерингем болды. ОрынОйыншыКлубГолдар1 Тедди ШерингемТоттенхэм Хотспур222 Лес ФердинандКуинз Парк Рейнджерс203 Дин ХолдсуортУимблдон194 Мики КуиннКовентри Сити175 Алан ШирерБлэкберн Роверс16 Дэвид УайтМанчестер Сити16
Хет-триктар
Ойыншы Клубы Қарсы клуб Шот Мезгіл Лидс Юнайтед Тоттенхэм Хотспур 5:0 Норвич Сити Олдхем Атлетик 3:2 Мидлсбро Блэкберн Роверс 3:2 Куинз Парк Рейнджерс Эвертон 4:2 Шеффилд Юнайтед Ипсвич Таун 3:0 Тоттенхэм Хотспур Ипсвич Таун 4:0 Лидс Юнайтед Блэкберн Роверс 5:2 Куинз Парк Рейнджерс Ноттингем Форест 4:3 Шеффилд Уэнсдей Саутгемптон 5:2 Куинз Парк Рейнджерс Эвертон 5:3 Норвич Сити Лидс Юнайтед 4:2 Ливерпуль Ковентри Сити 4:0 Лидс Юнайтед Ковентри Сити 3:3 Саутгемптон Олдхем Атлетик 4:3
Дереккөздер
Сілтемелер RSSSF-тағы ағылшын Премьер-лигасының 1992/93 маусымы
1992/1993 Санат:1992 жылғы футбол Санат:1993 жылғы футбол