Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры 2008 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының XIV сессиясында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың нұсқауымен құрылған болатын. Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры құрылған күннен қазіргі күнге дейін 200 жоба жүзеге асырылды . Осы жобалар мынадай бағытттарды қамтыды: 10 – халықаралық; 20 – ғылыми-зерттеу; 60 – баспа ісі; 30 – экстракорпоральдық ұрықтандыру; 20 – тілдік; 30 – қоғамдық маңызы бар істер; Қазақстан халқы Ассамблеясының қорының мақсаты Ұлтаралық қарым-катынастар мен қоғамдық келісім төңіріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық маңызы бар жобалары мен мәдени-ағартушылық, рухани-адамгершілік, білім беретін Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес басқа да қоғамдық пайдалы қызметтерді жүзеге асыру Міндеттері Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға ықпал ету; Этникалық және мәдени бірлестіктерге көмектесу; Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттарына қол жеткізу үшін Қазақстандық, шетелдік және халықаралық ғылыми үкіметтік емес ұйымдар мен жеке тұлғалардан зияткерлік, қаржылық және техникалық дамуға инвестиция тарту.
Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі бағыттары Қазақстан халықтарының бірлігін нығайту және этномәдени бірлестіктердің жұмысын жақсарту; Қазақстандағы тілдік және мәдени көпалуандылықты сақтау үшін түрлі іс-шаралар жүргізу; Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің жұмысына көмектесу; Халықаралық аренада төзімділіктің Қазақстандық үлгісі мен Н.Ә.Назарбаевтың жалпы келісімін насихаттайтын жобаларды іске асыру; Қазақстан халқы Ассамблеясын ақпараттық қолдау; Мемлекеттік тіл мен өзге ұлттардың ана тілін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану; Қазақстан Республикасының азаматтарына төзімділік пен ұлтаралық бірлікті, қазақстандық патриотизмді және елдегі мәдениетаралық диалогты одан әрі қалыптастыру және нығайту; Қоғамдық қордың құрамына кіреді Тілдерді оқытатын инновациялық технологияларының әдістемелік орталығы «Тілдарын» ; Жетекші орындағы сарапшы журналистер клубы; Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының кәсіпкерлерінің қауымдастығы; Қоғамдық маңызы бар проекттерді жүзеге асырудағы серіктестер Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігі Гуманитарлық бірлестіктің мемлекетаралық қоры «АрселорМиттал Қазақстан» акционерлік қоғамы Акционерлік қоғам «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-аухат қоры; «KazMicroFinance» ЖШС МұнайГазҚұрылыс» зейнетақы жинақтаушы қоры Білім беруді дамытатын Европалық Ассоциация Экстракорпоральдық ұрықтандыру центрі «Альянс Банк» акционерлік қоғамы «Қазақстанды дамыту банкі» акционерлік қоғамы