Джеймс Брэдли (; 3 наурыз 1692 — 13 шілде 1762) — ағылшын астрономы, Лондон корольдық қоғамының мүшесі, Оксфорд университетінің профессоры.
1725 ж. Айдаһардағы Ẏ жұлдызының ығысуын бақылау нәтижесінде жарық аберрациясын ашқан. 1737 ж. Брадлей Жердің айналу осінің нутациясын ашқан, бірақ 10 жылдан кейін, Жердің айналу периодын анықтаған соң жариялаған. Э.Галлей қайтыс болғаннан кейін Гринвич обсерваториясының директоры болған. 1750 жылдан Брадлей меридиандық бақылаулар жүргізген, оны кейін неміс астрономдары Ф.В.Бессель мен А.Ауверс жүйеге келтірген және ол аберрация, прецессия және нутация тұрақтылықтарын анықтауға негіз болған.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1973ж., 448-бет 2 том
Дереккөздер
Санат:Ұлыбритания астрономдары