Поль Луи Брусс - француз ұсақ буржуазиялық социалисі, социал-реформизим идеологтарының бірі. Қызмет жолы Білімі жөнінен дәрігер. 1871 ж. Париж Коммунасы қатысып, ол құлаған соң эмиграция болды, Швейцарияда М.А.Бакунинмен жақындасып, анархистерге қосылды. Лондонда К.Маркспен, Ф.Энгельспен танысты. Еліне қайтақан соң жұмысшы партиясына кіре тұрып, Ж.Гед бастаған маркстік бағытқа қарсы шықты, өзінің тап күресінен бас тартуға бағытталған "муниципальдық социализм" дейтін теориясын дамыта түсті. 1887 ж. Париж муниципалитетіне, 1906 ж. депутаттар палатасына сайланды. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 9 том
Дереккөздер
Санат:Франция тұлғалары