Кемпірқосақты тукан () — Тоқылдақ тұқымдастар сабының тукан тұқымдасының тукандылар тегінің биологиялық түрі. Оңтүстік Америкадан Солтүстік Аргентинаға дейін тараған тоқылдақтар жасағындағы Ramphoslos тобының ең үлкен түрі.
Биологиялық сипаттамасы Кемпірқосақты тукандар, айтарлықтай ауыр дене - бітімді құстар. Олардың денелерінің ұзындығы - 50-53 см, салмағы – 400 грамм. Латын Американың барлық аймағында таралған: Оңтүстік Мексикадан Солтүстік Колумбия мен Солтүстік – Шығыс Венесуэлаға дейін. Кемпірқосақты туканның ұзындығы 17 см – ге дейін жететін бос тұмсығы бар. Тұмсығы – көгілдір дақты және сарғылт сызықты жасыл түсті. Арқасында, төсінде, қанатының үстіңгі жағындағы қауырсынданулары күңгірт, ал мойнының үстіңгі жағындағы құйқасы қызыл – қара түсті болып келеді. Жыныстық диморфизм нашар көрсетілген: Еркектік дарақтар әйелдікінен кішкене ғана үлкенірек. Кемпірқосақты тукандар 5 – 10 дарақтан тұратын топтармен жүреді. Олар бір – біріне қатты жабысып, алып тұмсықтарын көршілерінің қанаттарыныц астына салып, ағаш діңдерінде ұйықтайды. Осының арқасында олар кішкене аумақты үйлерінде орын сақтайды.
Құстар негізінде жемістермен, кей – кездерде жәндіктермен де қоректенеді. Олар өздерінің қоректерін жерден сирек іздейді. Көбінесе ағаш қуйыстарындағы жәндіктер мен ағаш жемістерін жейді. Қызығы, олар жемістерді үлкен тұмсықтарының арқасында бүтіндей жейді, сондықтан жеміс дәндері сау күйінде жерге түсіп, жаңа өсімдік өсіп шығады.
Галерея
Дереккөздер
Санат: Тоқылдақтәріздестер отряды Санат:Оңтүстік Америка құстары