Майлықара – Дегелең тауларының солтүстігіндегі тау.

Географиялық орны Абай облысы Жаңасемей ауданында орналасқан. Ең жақын елді мекен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Мыржық ауылы (50 км).

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 571 м. Ендік бағытта 5 км-ге созылған, енді жері 3,5 км. Таудың оңтүстік беткейі тіктеу, жартасты, биік бөлігі шығысында. Сай-жыралармен тілімденген батыс беткейінде қараған, ши аралас астық тұқымдас шөптесіндер өскен.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жаңасемей ауданы таулары