Алға — Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауыл, Мақаш ауылдық округінің орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы Құрманғазы ауылынан шығысқа қарай 18 км жерде Көкарна өзені тармақтарының жағалауында орналасқан.Құрманғазы ауданы. Шежіре. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. ISBN 9965-17-535-7
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1878 адам (955 ер адам және 923 әйел адам) болса, 2009 жылы 1972 адамды (1009 ер адам және 963 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1880 адамды (969 ер адам және 911 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Әлеуметтік және мәдени нысандары Ә.Сәрсенбаев атындағы орта мектеп — 1928 жылы ашылды. Алғашында Ленин атындағы бастауыш, 1934 ж. жетіжылдық, 1937 жылы орта мектеп болды. 1995 ж. Ә.Сәрсенбаевтың есімі берілді. «Ақмарал» бөбекжай-балабақшасы Шабыт ауылдық мәдениет үйі
Ауыл көшелері Әбу Сәрсенбаев көшесі Жандол Жаманбаев көшесі Жұмажан Мәмбеталиев көшесі Ләтипа Сисенова көшесі М. Қышиқов көшесі Мақаш әкім көшесі Нұғыман Ақбетов көшесі Сибағат ата көшесі Смағұл Көшекбаев көшесі
Дереккөздер
Санат:Құрманғазы ауданы елді мекендері