Ынтымақ (2007 жылға дейін ГребенщикИндер ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы) — Атырау облысы Индер ауданы, Есбол ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Жайық өзенінің оң аңғарында орналасқан. Аудан орталығы - Индербор кентінен оңтүстік-батысқа қарай 9 км жерде. thumb|солға|250px|Ынтымақ ауылы Халқы 1989 жылы елді мекенде 512 адам тұрған.1989 жылғы Қазақ КСР бойынша Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том 1999 жылы тұрғындар саны 756 адам (403 ер адам және 353 әйел адам) болса, 2009 жылы 501 адамды (265 ер адам және 236 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ бойынша 473 адамды (245 ер адам және 228 әйел адам) құраса,2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2022 жылы тұрғындар саны 603 адам болды.Есбол ауылдық округі туралы ақпарат

Мәдени-әлеуметтік мекемелері Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектеп — 1936 ж. орыс-қазақ бастауыш мектебі, 1937-38 ж. 7 жылдық мектеп, 2017-2018 оқу жылында 120 орындық, екі қабатты жаңа мектеп пайдалануға берілді. 2019 жылы 24 қаңтарда Гребенщик орта мектебіне Әбіш Кекілбайұлының есімі берілді.https://grebenshinkov.inderoo.kz/kz/ Бiз туралы «Ынтымақ-Мәдениет» ауылдық клубы

Ауыл көшелері Бертілеу Бозекенов көшесі Қабдыраш Төремұратов көшесі Сиғуат Сейітов көшесі

Дереккөздер

Санат:Индер ауданы елді мекендері Санат:Жайық казак әскерінің тарихи елді мекендері