Майкөмген — Атырау облысының Жылыой ауданындағы ауыл, Майкөмген ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы — Құлсарыдан оңтүстік-шығысқа қарай 60 км-дей жерде. Маңғыстау облысымен шекаралас. Атырау-Ақтау тас жолы, Атырау-Маңғышлақ темір жолдары бойында орналасқан.
Халқы 1989 жылы елді мекенде 940 адам тұрған.1989 жылғы Қазақ КСР бойынша Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том 1999 жылы тұрғындар саны 1038 адам (525 ер адам және 513 әйел адам) болса, 2009 жылы 379 адамды (210 ер адам және 169 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Ал 2021 жылы 1279 адамды (653 ер адам және 626 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Әлеуметтік және мәдени нысандары №17 орта мектеп — 1989 ж. бастауыш, 1994 ж. негізгі, 1995 ж. жалпы білім беретін мектеп болып жұмыс істеді.Жылыой жылнамасы,Энциклопедиялық жинақ, «Өлке» баспасы, 2008 ISBN 9965-742-49-9 «Бәйшешек» бөбекжай бақшасы — 2019 жылы ашылды. Екі қабаттан тұратын 100 орындық бөбек жайдың жалпы аумағы 762,44 шаршы метрді құрайды. Талапқа сай ғимарат ойын, кіреберіс, ас бөлме және жуынатын бөлмелермен қамтылған. №5 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі — 2 қабаттан тұратын 269 орынды дене шынықтыру-сауықтыру кешені 2020 жылы ашылды. Ғимарат ауласында баскетбол, волейбол және кіші аяқ доп алаңдары бар.«Атырау» газеті 16.01.2020. Майкөмгенде – дене шынықтыру-сауықтыру кешені! Майкөмген мәдениет үйі — 2023 жылы желтоқсан айында ашылды. Жалпы ауданы – 709,72 шаршы метр. Екіқабатты ғимаратта 200 орындық концерттік зал, киім бөлмесі, костюмдер бөлмесі, 16 орындық асхана және касса, жуынатын бөлме бар. Сонымен қатар, қызметтік кабинеттермен, үйірме және оқытушы бөлмелерімен, 12 орындық оқу залы бар кітапханамен, 4 орындық медиатекамен және кітап сақтау бөлмелерімен жарақталған.Майкөмген ауылында мәдениет үйі ашылды Майкөмген дәрігерлік амбулаториясы
Діни ұйымдар қызметі Майкөмген ауылдық мешіті — Мешіт үйінің үш күмбезі, бір мұнарасы, әйелдер залы, имам бөлмесі бар. Мешіт жанында тахаратхана орналасқан.https://atr.kz/iman/57560-2/ Рамазан қарсаңында Майкөмген ауылында мешіт ашылды
Ауыл суреттері Майкөмген ауылы Майкөмген ауылдық мешіті Денешынықтыру сауықтыру кешені орта|250px| орта|250px| орта|250px|
Елді мекендегі көшелер Ақтан Керейұлы көшесі Айнымас көшесі Әділет көшесі Даңқ көшесі Досан батыр көшесі Қайырғали Смағұлов көшесі Қарашүңгіл көшесі Қисымбай көшесі Қуанғали Қуатбаев көшесі Муса Баймұқанов көшесі Сүйінғара Үргенішбайұлы көшесі Тобанияз Әлниязұлы көшесі Төлес көшесі Үркер көшесі
Дереккөздер
Санат:Жылыой ауданы елді мекендері