Қаратал – Тоқырау алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 40 км, су жиналатын алабы 380 км2.

Бастауы Бастауын Қызыларай тауының солтүстік беткейіндегі бұлақтардан алып, Жетімшоқы ауылынан төменде Тоқырау өзеніне құяды.

Гидрологиясы Қар, жаңбыр суларымен толығады. Сәуірде тасиды. Жаз айларында қарасуларға бөлініп қалады. Суы мал суаруға пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) өзендері Санат:Балқаш су алабы