Кендалл Фрэнсис Шмидт (; 2 қараша, 1990, Уичито, Канзас, АҚШ) — америкалық актер және әнші. «Табысқа алға» сериалындағыт Кендалл Найттың рөлімен танымал. 2009 жылы құралған «Big Time Rush» тобының бұрынғы мүшесі.
Өмірбаяны Кендалл Френсис Шмидт 1990 жылдың 2 қарашасында Канзас штатының Уичито қаласында дүниеге келді. Анасы – Кэти Шмидт, ал әкесі – Кент Шмидт. Кендалл деген атын әжесінің құрметіне қойды. Кендаллдың екі үлкен ағасы: Кеннет (24 жаста) және Кевин (22 жаста) бар. Кеннет – актер және әнші, ал Кевин – актер және режиссер. Кендаллдың бүкіл отбасы «К» әрпінен басталады. Бұл отбасында әр баланың лақап аты бар. Кендалл – К3, Кевин – К2, ал Кеннет – К1. Кендалл кішкентай болғанда, өз анасымен 6 ай Калифорния штатында бірге болатын.
Кендаллдың ағалары актер болғандықтан, олда актер болғысы келді. Кендаллдың бірінші тәжірибесі ағаларымен бірге «Chex» деген жүгері қауызының жарнамасы болған.
10 жасында Кендаллдың отбасы Канзас штатынан Калифорния штатына көшті. Ол жерде Шмидт көптеген рөлдер сомдады. Мысалы, General Hospital, Titus, Raising Dad, Gilmore Girls, CSI: Miami, ER, Mad TV, Frasier, Phil of the Future, Without a Trace және Ghost Whisperer жобаларында. Үлкен қалқанда Minority Report, AI and Lions Gate’s According to Spencer жобаларында жарыққа шықты.
Актерлік шеберліктен басқа, Кендалл музыканы қатты жақсы көреді. 3 жас аралығында гитарада ойнап үйренді. Өзін тағы да өлең айтуда көрді. Күн сайын анасының көлігінде өлең айтты.
«Табысқа алға» сериалындағы Кендалл Найттың рөлі музыка арқылы Кендалл сомдады. Оған әрдайым ол өлең айтуда актерлік шеберлікке қарағанда, күшті деп ойлады.
Кендалл өз достарымен бірге уақыт өткізгенді, альпинизм, скейтбординг пен серфингті ұнатады.
Шмидттардың отбасында хайуанаттар бағы: екі ит (Джаспер мен Сисси), мысық, тотықұс, тасбақа, питон және кішкентай шошқа. Кендаллдың бірінші тобы – «Lovers Make Liars» болған.
Мансабы Шмидт өзінің актерлік шеберлігін 5 жасында бастаған. 10 жасында ағаларымен бірге Стивен Спилбергтің фильмінде түскен. Өз туған күнін теледидарда белгілеген. Спилберг оған «Жұлдыздар соғысындағы» кейіпкерлермен бірге жасалған торт сыйлады. 2009 жылы Кендалл «Big Time Rush» тобының мүшесі атанды. Бұл топтың басқа мүшелері: Логан Хендерсон, Джеймс Маслоу және Карлос Пена.
Татуировкалары Кендаллда 9 татуировка бар: 4 табиғаттың апаты (ауа, жер, су және от), шаян, тігілген жүрек, адамның бас сүйегі, өрмекшінің торы, раушан гүлі, белдіктің айылбасы, нота, білезік, Юма атты иті және Оңтүстік Американың шағын картасы.
Фильмографиясы ЖылыҚазақша атауыРөлі2001-2002Гилмордың қыздарыПитер2003Фрейзьер кішкентай Фрейзьер2003Жедел жәрдемДэмиан2005Болашақтан келген ФилДжейк2009Ghost WhispererДжефф2009ІзсізШей Хэнсон2009-2013Табысқа алғаКендалл Найт2011Nick NewsКендалл2012Қалай жағу керек?Кендалл2015Үлкен көші-қонБрандо
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Big Time Rush ресми сайты
Кендалл Шмидт Twitter сайтында
Санат:АҚШ музыканттары Санат:Америкалық поп әншілер