Марат Қомпайұлы Тақабаев (1934 жыл, Ақмола облысы, Зеренді ауданы) – физика-математика ғылымдарының докторы (1996). Еңбек жолы 1959 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) және 1963 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген; 1963-64 жылдары Қазақ политехникалық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) ассистент; 1964-1997 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Қолданбалы математика институтында кіші, аға ғылыми қызметкер; 1997 жылдан бастап бас ғылыми қызметкер болды. Еңбектері «Численное моделирование селевого потока» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 70-тен астам ғылыми жарияланым мен 1 монографияның авторы.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:1934 жылы туғандар