Томас Хант Морган (; , Лексингтон — , Пасадина) — американдық биолог, генетиканың негізін қалаушылардың бірі, Итака, Нью-Йорк (1932) алтыншы Халықаралық генетика конгресінің төрағасы. «Тұқым қуалаудағы хромосоманың рөліне қатысты ашылулары үшін» физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1933 жылы лауреаты.

Өмірбаяны Алғаш рет өз зерттеулерінде жеміс шыбыны дрозофиланы (Drosofula melanogaster) пайдаланды. АҚШ Ұлттық ғылым академиясының президенті (1927—1931), КСРО РА- ның құрметті мүшесі (1932). Кентукки университетін (1886) және Балтимордағы Дж. Хопкинс университетін (1891) бітірген. Брин-Мордағы әйелдер колледжінде (1891—1904) және Нью-Йорктегі Колумбия университетінде (1904—1928) профессор. Пасаденадағы Калифорния технология институтының биология лабораториясының (1928—1945) меңгерушісі. Томас регенерация мен жануарлардың жынысын анықтау мәселелерін және эксперименттік эмбриологияны зерттеді,Морган өз кызметкерлерімен бірігіп, тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын ашып, гендердің хромосомаларда орналасатындығын дәлелдеді. Нобель сыйлығының лауреаты (1933 ж.).Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-634-2Қазақ Совет Энциклопедиясы,8 том

Ғылыми еңбектері

Наградалары, ғылыми Танылуы Дарвин медалі (1924) Силлиманов лекциясы (1924) Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы (1933) Копли медалі (1939) Академиялар мүшесі: АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі(1909), президенті (1927—1931) Лондон корольдік қоғамы шетелдік мүшесі (1919) Ресей ғылым академиясының шетелдік мүшесі-корреспондент (1923) және КСРО ғылым академиясының шетелдік құрметті мүшесі (1932).

Қайнар көзі

Сілтемелер Самин Д. Тайны живого. Хромосомная теория наследственности // Сто великих научных открытий Thomas Hunt Morgan (1866—1945) A Biographical Memoir by A. H. Sturtevant, 1959

Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:АҚШ генетиктері Санат:Дарвин медалінің иегерлері Санат:Копли медалінің иегерлері Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері Санат:Лондон корольдік қоғамының мүшелері Санат:Ресей ҒА мүше-корреспонденттері (1917—1925) Санат:КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшелері Санат:КСРО Ғылым академиясының мүшелері Санат:25 қыркүйекте туғандар Санат:4 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:АҚШ биологтары Санат:АҚШ генетиктері Санат:Физиология немесе медицинадан Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Нобель сыйлығының иегерлері (АҚШ)